×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанға келген Садыр Жапаровты Тоқаев елорда әуежайынан күтіп алды

18.04.2024, 17:16
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан Қырғызстанға тауардың 195 түрінің экспортын ұлғайтуға дайын екенін жазған болатынбыз. 

Қазақстан $260 млн сомасына 195 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын. Азық-түлік, өнеркәсіп, мұнай-химия, құрылыс, фармацевтика және басқа да салалардың әлеуеті зор. Сондай-ақ бұған шекара маңында Индустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы жоспарлар да ықпал етеді. Аталған жобаның іске қосылуы мультипликативті әсерге ие болып, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға қосымша серпін береді.

Серіктес жаңалықтары