×
479.05
534.57
5.17
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.05
534.57
5.17

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы: Тоқаев меморгандар басшыларына тапсырма берді

29.05.2024, 17:19
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Жиын барысында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік орган басшылары мәлімет берді.

Меморгандарға тапсырма

Мемлекет басшысы экстремистік әрекеттердің алғышарттарын анықтап, олардың алдын алу, халықаралық терроризмнің таралуына жол бермеу, соның ішінде заңнамалық және ұйымдастырушылық базаны жетілдіру, дұрыс ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі кешенді тәсілдердің маңызды екенін атап өтті.

Отырыс соңында мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.