×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанда туристерге салық салынады - Үкімет қаулы шығарды

09.11.2021, 14:12
Қазақстанда туристерге салық салынады - Үкімет қаулы шығарды
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда шетелдіктерге туристік салық енгізуді қарастырып жатыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

ҚР Үкіметі елімізді тамашалап, қыдырып келуге құмар бөгде ел азаматтарынан жарна алу ережесі айқындалғаны белгілі болуда. Премьер-министр қол қойған қаулыға сәйкес, шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидасы бекітіліп отыр.

«Шетелдіктер үшін туристік жарна туристерден қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынады. Шетелдіктер үшін төленуге тиісті алынатын туристік жарна сомасы тұру құнына енгізілмейді»,- делінген құжатта.

Тиісті туристік жарна мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган осы қағидалардың негізінде әзірлеп, мәслихатқа бекітуге ұсынбақ. Ол 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – елде болу құнының 5 (бес) пайызынан аспауы қажет. 

Жергілікті атқарушы органға тоқсан сайын шетелдіктер, оның ішінде «е-Hotel» («е-Qonaq») ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген шетелдіктер үшін туристік жарнаның төленгені туралы мәліметті жіберіп отыру жүктелмек.