Книжевское су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы салдарынан иесіз иттер паналайттын орын су астында қалды деп, хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Иттердің паналау орны бөгет бұзылған жерден 500 метр қашықтықта орналасқан. Иттер орналасқан жерге су ішінара кірген. Оның деңгейі шамамен 15-20 см болды.
«Жануарлар аман. Паналау орнында барлығы 150 ит болған. Су басқан кезде ТЖМ құтқарушылары мен мекеме қызметкерлері жануарларды қауіпсіз жерге көшірген. Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеді (ішінара мұз қатқан)»,- деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.