×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Парламент енді толық Тоқаевтың қарамағында - сарапшылар

24.11.2021, 15:55
Фото: ашық дереккөзден

Сарапшылар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Nur Otan партиясының төрағалығын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа беруі арқылы енді Мемлекет басшысының Парламентке сөзі өтімді болады деп санайды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәселен саясаттанушы Ғазиз Әбішев өз телеграм-арнасында Nur Otan партиясы тікелей Мәжілістегі 76 мандатты (71%) және мәслихаттар арқылы Сенаттағы 34 мандатты (69%) бақылайтынын жазды. Оның үстіне Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын басқаратынын (9 мандат) және 15 сенаторды өзі тағайындайтынын ескерсек, Президент Парламентті толық бақылауына алмақ.

«Міне Nur Otan төрағасына партия жарғысы беретін кейбір құзырет: Мәжілістегі партия фракциясы депутаттарының жұмысын үйлестіреді; шешіміне қайша келсе, партия органдарының, Мәжілістегі фракцияның ұйғарымдарының күшін жояды; фракция арқылы Үкімет пен оның мүшелеріне сенімсіздік таныту жайлы бастама көтереді», – деп келтірді жазба иесі.

Белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан да Президент Парламенттегі билеуші партия фракциясын толық бақылайтынына келіседі.

«Өйткені депутаттар тізімін дәл партия төрағасы бекітеді ғой. Сонымен қатар, Тоқаев енді кез-келген депутаттың мандатын қайтарып ала алады. Сондықтан олар оған керек сипатта дауыс беретін болады. Оның ішінде үкіметті кетіру, жаңасын тағайындау бойынша да. Бұрын Тоқаевта мұндай тетік болған жоқ. Теория жүзінде Нұротан фракциясы президенттің үкіметті отставкаға жіберу жайлы шешімін бұғаттай алатын», – деп ой өрбіткен Тайжан мысал ретінде қызметінен босатылған экс-ауылшаруашылық министрі Сапархан Омаровтың келесі күні Үкіметбасы Маминның өкімімен Азық-түлік корпорациясына тағайындалғанын еске салды.

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек болса, Елбасы шешімі толық қазақстандық транзит логикасына сай келеді деген пікірін білдірді.

«Бұл іштегі және сырттағы барлық жұртқа биліктің біртұтас және сабақтастық саясатына ортақ ұстанымда екені жайлы нақты белгі. Аталған қадам қос билік туралы түрлі сыбыстарды мүлде жоққа шығарады», - дейді Бауыржан Байбек.

Серіктес жаңалықтары