×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Нұр-Сұлтанда қалың қардан жұрт жұмысына жете алмай қалды

25.11.2021, 12:38
Нұр-Сұлтанда қалың қардан жұрт жұмысына жете алмай қалды
Фото: Ulysmedia.kz

Елордада 24 қарашада кешкісін жауа бастаған қар түнімен тоқтамай, 25 қараша күні таңертең қала тұрғындары жұмысына жете алмай қалды. Елордада бұл күнде көлік қозғалысы шектелген. Автобустар да, автокөліктер де кептелісте бірнеше сағат бойы тұрып, әуе рейстері кейінге қалдырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі.

Астаналықтар таңертеңнен бір қар құрсауында қалған қаланың суреттерін жариялап жатыр. Көліктердің бәрі де қарға көміліп, жүргізушілерге ауладан шығудың өзі қиынға айналған.

Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді ауа райының қолайсыздығына байланысты желіде қызық жазба жариялады.

«Бүгін жұмысқа кешігіп келген адамдарды басшылары жазаламау керек деп есептеймін», - дейді ол.

Белгілі медиаменеджер әрі продюссер Серік Абас-Шах таңертең такси шақырғанымен ауладан шыға бере көлік қарға батып қалғанын жазады.

«Әдетте, 15-20 минутта жететін жерге бір сағат жүріп әрең жеттік қой. Қала көшелері тазаланып үлгермей жатыр. Мен баратын жеріме жетіп, түсіп қалған соң, түк ашуланбайтын аташка басқа заказына (түк асықпастан) кетіп бара жатты», - деп жазады Серік Абас-Шах.

Ауа райына байланысты қала маңына қатынайтын №300, 305, 318 бағдарлары уақытша уақытша тоқтатылды.

Қала шеті түгілі елордадағы басты көше – Нұрлы жолдың бойы да қардан уақтылы тазартылмай жатыр.

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге ескерту жасады. Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, елордада қалың қар жауа бастағаннан арнайы техникалар көшелерді тазалаумен айналысады. Тазалау жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіледі.

«Көлік жүргізушілерін жолда абай болуға, жол бойына көлік қоймауға, қоғамдық көлік қозғалыстары мен қар жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырады. Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтық шараларын қатаң сақтаңыз!  Боран мен көктайғақ жол қозғалысының барлық қатысушыларына үлкен қауіп төндіреді. Жүргізушілерге өз маршрутын алдын ала жоспарлауға, кенеттен орын ауыстырулар мен тежелуден аулақ болуға, қала сыртына сапарға шығудан бас тартуға кеңес береміз”, – делінген хабарламада.

25 қарашада қар тазалауға 1 300-ден астам арнайы техника мен 1 900 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 24-інен 25 қарашаға қараған түні коммуналдық қызметтер 25,5 мың текше метрден астам қар шығарған. Камаздар қар полигондарына барлығы 14 мыңнан астам рейс жасаған.

25 қарашада таңертеңнен бері қалада 45 жол-көлік оқиғасы тіркелген.