×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Харассмент «жұлдызына» айналған депутаттың орнына кім келетіні белгілі болды

Харассмент «жұлдызына» айналған депутаттың орнына кім келетіні белгілі болды
Коллаж

«Ақ жол» партиясы этикалық нормаларды бұзды және өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыптармен мандатынан айырған депутаттың орнына кім келетінін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«АҚ ЖОЛ» АЙТАДЫ

«Ақ жол» демпартиялық партиясының Ұлттық кеңесі партиялық тізім бойынша Серік Ерубаевты мәжіліс депутаты етіп сайлау туралы шешім қабылдады. Серік Ерубаев – партия төрағасының аймақтармен жұмыс жөніндегі орынбасары, VII-шақырылымдағы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты. Атырау қалалық мәслихатының III-V шақырылымының депутаты, 2003-2012 жылдары қалалық мәслихатының хатшысы. «Atyrau Construction services ltd» ЖШС бас директоры қызметін атқарған, – деп жазды «Ақ жол» партиясының ресми сайты.

Ақпаратта тиісті құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жолданатыны айтылған.

САДЫҚОВ НЕ ҮШІН МАНДАТЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

Еске салсақ, бұған дейін «депутат мәртебесіне сай емес» деген себеппен Асқар Садықов Парламенттегі қызметінен босатылған болатын.  

Кейін "Ақжол" партиясының төрағасы Азат Перуашев партияласы Асқар Садықовтың Парламенттен кету себебі жөнінде әлеуметтік желіге жазба қалдырды.

Партиямыздың атына А.Садықовқа қатысты бірқатар шағымдар түсті, онда айтылған жәйттар пленумда қаралып, тиісті шешім шығарылды. Шағымдардың дені оның теріс іс-әрекеттеріне, атап айтқанда, өкілеттігін асыра пайдалану мен этикалық нормаларды бұзуына байланысты болды. Шағымдардың әрқайсысы бойынша жеке-жеке фактілер келтіруге болатын болса да, бір ғана мысалды атап өту жеткілікті деп ойлаймын, – деді ол.

Асқар Садықов нақтырақ айтқанда депутат ретінде мемлекеттік сатып алу процедурасына араласқан, әріптес бойжеткенге харассмент жасаған делінді.