×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Біз атом электр станциясын саламыз – Назарбаев

03.12.2021, 20:29
Фото: ашық дереккөз

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан атом электр станциясын салатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол жұма күні америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Америкалық режиссер Оливер Стоунға берген сұхбатына негізделген «Qazaq. History of The Golden Man» фильмінде атом электр станциясының салынатын орны мен мердігерді таңдау мәселесі қаралып жатқаны айтылды.

«Біз атом станциясын саламыз. Мердігер мен технологияны таңдау керек. Ресей, Жапония, Оңтүстік Корея және америкалық компаниялар да зор ықылас білдіріп отыр. Енді біз мұны қайда салу керегін қарастырамыз. Бүгінгі таңда бізде электр энергиясы артық. Берер жер таппаймыз. Мұнай, газ, көмір елі. Бірақ атом станциясы құрылысына 7-8 жыл қажет болғандықтан, сол кезде тапшылық пайда болады», - деді ол.

Ол Ресей билігі атом электр станциясын салғысы келетінін және Қазақстан басқа елдермен келіссөздер жүргізіп жатыр ма деп үнемі сұрайтыны туралы айтты.

«Бізде қайда және қашан салу керегін қарастыратын комиссия бар. Бүгінгі таңда бұл бірінші мәселе емес, бірақ біз құрылыс жүргіземіз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктес жаңалықтары