×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Түркістан облысында бір қой 17 миллион теңгеге сатылып кетті

14.12.2021, 16:50
Фото: скрин

Түркістан облысында мал шаруашылығы иелері қолма-қол ақшамен өзара рекордтық сомаға сауда жасап, асыл тұқымды қой 40 мың долларға, яғни 17 миллионанн астам теңгеге сатылып кетті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мал шаруашылығымен айналысушы Рустам Тұрғынов келесі шаруашылық иесі Қуаныш Мықтыбаевқа бойы 105 сантиметр, гиссар тұқымды «Каштан» аталатын үлкен қошқарды пәтер құнына тең қаржыға сатты.

«Мұндай ет-май тұрғысында қолма-қол ақша мәмілесі тарихта алғаш рет жасалып отыр. Қошқарды миллионға, 60 мың долларға, тіпті 100 мың долларға, одан да көп ақша бермей жатады», - дейді оқиға орнынан бейнежазба түсірген блогер.

«Жарайсыңдар. Осындай жануарлардың санын көбейту керек. Кейбіреулер ешкімге бермейді, тек өздері пайдаланады, бұл дұрыс емес. Бірлескен селекция кезінде тұқымдар жақсарады және көбейеді! Екі шаруашылыққа да сәттілік пен өркендеу тілеймін», – деп пікірін қалдырды Әлішер Игамбердиев есімді ғаламтор қолданушы.

Серіктес жаңалықтары