Биржада доллар бағамы айтарлықтай төмендегеннен кейін Қазақстандағы айырбастау орындары да валютаның сату бағасын түсіре бастады. 8 қазан таңертең Алматыда америкалық валюта 450 теңгеден сәл жоғары бағамен сатылса, Шымкентте бұл межеден төмен сатылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алматы
Астана
Шымкент
Айырбастау орындарындағы валюта бағамдары күн ішінде өзгеруі мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін, 7 қазанда доллар Қазақстан қор биржасында (KASE) күрт арзандаған еді. Оның бағамы 5,53 теңгеге төмендеп, 452,74 теңгеден 447,21 теңгеге түсті.