×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстандағы әрбір бесінші адам орыс ұлтының өкілі – НТВ

16.12.2021, 22:52
Фото: ашық дереккөз

НТВ арнасының «Сегодня» ақпараттық бағдарламасында қазақстандағы әрбір бесінші адам – орыс ұлты өкілі екендігін айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Ресей мен Қазақстанды тек тарих қана емес, сонымен қатар әлемдегі ең ұзын үздіксіз халықаралық шекара байланыстырады. Шекара ұзындығы шамамен 7600 шақырымды құрайды. Бірақ Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық қарым-қатынасты «шекарасыз ынтымақтастық» деп атауға болады», - деді бағдардама жүргізушісі.

Сондай-ақ, бағдарламада биыл екі ел арасындағы сауда рекордтық деңгейге жетуі керектігі айтылды.

«Күзде ол 16 миллиард доллардан асты, ал жыл соңына дейін ол 23 миллиард доллардан асуы мүмкін. Шамамен әрбір бесінші қазақстандық – орыс ұлты өкілі, ал Ресейде миллионға жуық этникалық қазақ тұрады», - делінді бағдарламада.

Бүгін Ресей Президенті Владимир Путин өзінің жеделхатында Мемлекет басшысын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және басқа да көптеген саладағы қол жеткізген табыстарын атап өткен.

«Мемлекеттеріміз арасындағы қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық негізде қарқынды дамып келеді. Түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, ШЫҰ, БҰҰ сияқты халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылдарымыз өз нәтижесін беруде. Бірлескен күш-жігер арқылы біз достас халықтарымыздың игілігі жолында, сондай-ақ Еуразия құрлығындағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстарды дәйекті түрде дамытатынымызға сенімдімін, – делінген Владимир Путиннің жеделхатында.

Серіктес жаңалықтары