Тәуелсіздік күні өтті, енді мейрам аясында жұмсалған қаржының қалай жұмсалғанын сараптап көрейік. 30 жылдық мерейтойға орай елордада көптеген іс-шаралар жоспарланған болатын. Келісімдерге қол қойылды, бірақ барлық оқиғалар бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген жоқ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Телеграм-арналардың бірінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына өткен шараларға қанша қаражат бөлінгені жарияланды.
1. «Қысқы маусымның ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды». «Ерке» серіктестігімен 5 190 000 теңгеге келісім-шарт жасалған.
Техникалық спецификацияға сәйкес Жеткізуші спорттық іс-шараны (спорт түрі көрсетілмеген) өткізіп, жүлде ретінде 10 микротолқынды пеш, 10 шаңсорғыш, 10 ауа дымқылдатқышы, 16 смарт-сағат, 16 құлаққап, 78 медаль дайындауы керек еді. Төлем сертификаттарына 6 желтоқсанда қол қойылды, бірақ оқиға туралы ақпарат табылмады.
2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «ЖАС АҚЫНДАР АЙТЫСЫ».
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша «Қазақстан жастары конвенті» жеке қорымен 3 330 000 теңгеге келісім-шарт жасалды. Біз тапқан жалғыз репортаж – YouTube Khabar NEWS сайтындағы екі минуттық бейнеролик.
«Хабардың» сипаттамасына сәйкес, жалпы жүлде қоры 1,2 миллион теңгені құрады.
3. Қазан айының соңында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы достығының қалалық фестивалі өтті.
ЖК «АҚЖАН»-мен 2 395 000 теңгеге келісімшарт жасалды. Фестиваль туралы Astanatv.kz жазды, мақалада елорданың 17 этномәдени орталығы «Шабыт» концерт залында бас қосқаны жазылған.
4. Ассамблеяның ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрме өтті.
«Студия «Күркем» ЖШС-мен 680 000 теңгеге келісім-шарт жасалды. Фотокөрме Б.Момышұлы даңғылы, 24/9, Достық үйінің 1 және 2 қабаттарындағы ғимаратында өтуде.
«Осы оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін қомақты қаржы бөлінді. Мысалы, «Елорда Ақпарат» ЖШС-мен «елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындарды вакцинациялаудың барысы және коронавирустық инфекциямен күресу барысында қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпараттық материалдарды әзірлеу» мақсатында 45 миллион теңгеге екі келісімшарт жасалды», - телеграм-арнасында.