×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілді?

20.12.2021, 18:32
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мына жағдайлар қарастырылған:

  • QR кодында қамтылған шаруашылық жүргізуші субъектінің ақпараттық картасы болып табылатын салық төлеушінің паспортын енгізу;
  • жылжымайтын мүлiктi қамтамасыз етумен немесе банк кепiлдiгiмен ғана бiр жылдан астам мерзiмге салық төлеудi бөлiп төлеу жоспарын ұсыну, жеке тұлғаның немесе жеке кәсiпкердiң жалғыз баспанасын кепiлге алуға шектеулер енгiзу ;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнаулы салық режимін қолданатын тұлғаларға КТС және ЖАТ төлеуден босату бойынша жеңілдіктерді (2020 жылдан 2023 жылға дейін) ұзарту;
  • 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға ұқсас провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар сомасын шегерімге жатқызу құқығын кредиттік серіктестіктерге беру;
  • тарату салықтық тексеруінсіз камералдық бақылау арқылы қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асырмаған ҚҚС төлеушілердің қызметін тоқтатуды оңайлату.
Серіктес жаңалықтары