×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Nur Otan-нан 757, ЖСДП-дан 1 адам ауыл әкімі болып сайланды

21.12.2021, 19:34
Фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Nur Otan» партиясының мәліметінше, ауыл әкімдерін сайлау кезінде  «Nur Otan» партиясының мүшелері округтердің 87,5%-ында жеңіске жетті. Өңірлік конференцияларда партиядан ұсынылған 670 кандидат, сондай-ақ 87 өзін-өзі ұсынған нұротандық әкім болып сайланды.

Сондай-ақ, «Ақ жол» Демократиялық партиясы, Қазақстанның Халық партиясы, «Adal», «Ауыл» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партияларының кандидаттары ауылдық округтердің 8,5%-ында жеңіске жетті. Ауылдық округтердің 4%-ында бірде-бір партияның өкілі болып табылмайтын өзін-өзі ұсынған үміткерлер сайланды.

Жеңіске жеткен нұротандықтардың 47%-ы – жаңа тұлғалар, оның ішінде білім беру саласының өкілдері, кәсіпкерлер, фермерлер бар. Орташа жасы – 46 жас. Әйелдер – 10%, 35 жасқа дейінгі жастар саны – 18%. Көпшілігі бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партияішілік праймериздің  қатысушылары.

Журналист Айдос Жұқанұлы Фейсбук парақшасында әр партияға қатысты пікір білдірді.

«Басқа партияларға тоқталсақ, «Ауыл» мен «Adal» өздерін жақсы көрсетті. Әрқайсысының 34 және 15 әкімі бар. Ауыл әлі толық мүмкіндігін пайдаланған жоқ деп есептеймін. Алда әлі сайлаулар бар. Сол кезде мүмкіндікті қолдан шығара қоймас», - дейді ол.

Айдос Жұқанұлы «Ақ жол» мен «ҚХР» партияларына таң қалғанын жазды.

«Мәжілістегі орындарын місе тұтты ма, ауылдық округтерде 12 және 11 әкімін сайлап алды да, тынышталып қалды. Қаржылық мүмкіндіктері мен брендтері мықты бола тұра, ауыл әкімдігіне талас-тартыста аса көзге түспегендері қызық.

Әлде «капиталист мырзалар» мен «жұмысшы жолдастар2 Парламент креслосында ғана отырып үйреніп қалған ба? Елдің мәселесін тек тауыс берумен ғана шешеміз деп ойлап қалды ма екен? Нағыз жұмыс ауылда емес пе! «ЖСДП» да жай қарап отырмады. Қатарында 1 әкім бар. Өздері шүкіршіл екен. Бұдан қандай ой түюге болады? Әкімдерді сайлау дәстүрі енгізілді деп қорытынды жасауға болады. Қоғамның сұранысы қанағаттанды. Алдағы үш жылдың ішінде талай қызық болады. 1,5 мыңдай су жаңа әкім сайлауымыз керек», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары