×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қостанайдағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлы аты берілсін - депутат

22.12.2021, 13:01
Фото: ашық дереккөзден

Ахаңның тойынан аянып қалмауымыз керек! Осындай ұранмен мәжіліс депутаттары үкіметке Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының келесі жылы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетін 150 жылдығына байланысты депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Парламенттегі «Ақ жол» фракциясының мүшелері ұлт ұстазын ұлықтау мақсатында жасалуы тиіс шаралар әлі де жеткілікті деп санайды.

«Әлихан, Ахмет, Міржақыптар бастаған Алаш арыстары Қазақ елінің Тәуелсіздігі жолында өлшеусіз қайрат көрсетті және ұлт азаттығы үшін саналы түрде құрбандыққа бара білді. Қазақ тіл ғылымының қазығын қағып, шаңырағын көтеріп, керегесін кеңейткен, бір өзі тұтас академияның жұмысын істеген, феномен дарынды Ахаң - қазаққа Құдай бере салған асыл қазына! Ахаңның тойынан аянып қалмауымыз керек! Ұлттың ұлы ұстазы Ахаңның тойында шаппағанда, қайда шабамыз?! Бұл біздің елдігімізді білдіретін ерекше той болуы тиіс!», – дейді депутат Қазыбек Иса.

Осылайша халық қалаулылары келесіні ұсынып отыр:

  • Ахмет Байтұрсынұлының  туған ауданы мен ауылын жандандыру үшін туған жерінде мемориалдық кешен салу.
  • Ахмет Байтұрсынұлының туған ауылына жол салу.
  • Ахаңдай ұлы тұлғаны дүниеге сыйлаған Байтұрсын бабамыздың қараусыз қалған, аянышты күйдегі қабірі мен қорымын қолға алу.
  • Қостанайдағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлы атын беру.
  • Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйіне ұлттық мәртебе беріп, штат санын шешу және мемлекет қамқорлығына алу. 
  • Осы музей-үй жанындағы жер теліміне Алаш үйі ғимаратын салу, Алаш арыстары мұрасын кешенді зерттеу орталығын ұйымдастыру.
  • Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы саябағына тарихи тұлғаның еңселі ескерткішін қою.
  • Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына айрықша мәртебе беру, қаржылық қолдау көрсету.
  • Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғимаратының алдына ғалымның ескерткішін орнату.
  • Келесі жыл – ЮНЕСКО бойынша Ахмет Байтұрсынұлы жылы болғандықтан, тіл атасы құрметіне елімізде келесі 2022 жыл - Мемлекеттік тіл жыл болуы тиіс.
  • Астана мен барлық облыс орталықтарында Ахаңның ескерткіші  тұруы тиіс! Ресейде Орынборда, Анкарада, Ташкентте, Бакуде ескерткіштерін орнату.
  • Ел астанасында Ахаң атындағы көпсалалы мәдени-танымдық орталық ашу. 
  • Ахаңның асыл мұраларын Түркі әлеміне насихаттау жұмысы жолға қою.
  • «Қазақ» газетінің 7 томдығын, «Айқап» журналының 5 томдығын, «Сарыарқа» газетінің 1 томдығын шығару.
  • Тіл білімі институты астындағы «Марка» гей-клубы, «Барвиха» түнгі клубтарын жабу!
Серіктес жаңалықтары