×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Санжар Боқаев утилизациялық төлемге қарсы креатив құттықтау жолдады

27.12.2021, 12:14
Фото: бейнежазбадан көшірме

Қоғам қайраткері Санжар Боқаев елдегі утилизациялық төлемге қарсы көлік жүргізушілерінің басын қосып, астыларындағы темір тұлпарларынан шырша бейнесін жасады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Келе жатқан жаңа жылмен 150 мың жақтаушымыздың атынан утилизациялық алымды қолдаушы шенеуніктерге құттықтау жолдап, осы шыршаны сіздерге арнайтынымызды жеткізгім келеді. Утилизациялық алымға жол жоқ, қарсымыз!», – деп мәлімдеген ол қарсылық келесі жыл бойы жалғасатынын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, елімізде ресейлік көліктерді тіркеуге қатысты дау туып, 90 мыңға жуық көлікке қатысты тексеруді бастаған ІІМ жүргізушілер наразығынан соң тиісті машиналар заң бұзғанда ғана тоқтатылатынын жеткізіп, мәселе шешілмеген күйі қалды. Мұндай авто иелері астындағы көлік құралдарын әлі толық рәсімдемеудің себебі ретінде алғашқы тіркеу мен кәдеге жарату алымының тым қымбаттығын айтады. Өз кезегінде Ulysmedia.kz порталы да жағдайды сараптап, аталмыш шығындардың қомақты соманы құрайтынына көз жеткізді

Серіктес жаңалықтары