×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Биыл 26 000 жәрдемақы электронды түрде рәсімделді

27.12.2021, 19:12
Биыл 26 000 жәрдемақы электронды түрде рәсімделді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ақорданың мәліметінше, Президентке министрліктің биылғы атқарған жұмыстарының қорытындылары және Жолдауда айтылған мәселелердің жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді. Атап айтқанда, жаңа жылдан бастап төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеге дейін жеткені және тағы 591 мың азаматтық қызметкердің жалақысы өсетіні жөнінде айтылды.

Сонымен қатар министр жұмыссыздықпен күрес бағытына да тоқталды. Қазіргі уақытта жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр.

Серік Шәпкенов жұмыспен қамту орталықтарын цифрландыру бойынша мәлімет берді. Оның айтуынша, жұмыс іздеген азаматтардың 33 пайызы онлайн қызмет түрін пайдаланған, 26 мың жәрдемақы электронды түрде рәсімделген. Сондай-ақ биыл 988,8 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алған.