×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

100 нақты қадамның қаншасы іске асты - мәселе үкіметте көтерілді

21.09.2021, 15:50
фото: primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. Жиында «ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарының орындалу барысы қаралды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Үкімет мәліметінше, қазір ұлт жоспарының 100 қадамының 72-сі іске асты: «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» бағыты бойынша 15 қадамның 13-і, «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша барлық 19 қадам, «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бойынша 50 қадамның 27-сі, «Бірегейлік және бірлік» бағыты бойынша 6 қадамның 3-уі, «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» бағыты бойынша барлығы 10 қадам жүзеге асырылды.

Биыл «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» мен «Индустрияландыру және экономикалық өсім» бағыттары бойынша 9 қадамды орындау жоспарланған.

Премьер-министр «ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» ұлт жоспарын және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын толық әрі сапалы орындау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары