×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елдегі ереуілдер: 200-ден астам адам ұсталды, 37 автокөлік бүлінді

Елдегі ереуілдер: 200-ден астам адам ұсталды, 37 автокөлік бүлінді
Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер министрлігі заңсыз әрекеттердің салдарында 95 полиция қызметкеріне дене жарақаты келтіріліп, 37 қызметтік автокөлік бүлінгенін мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасаудың 13 дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 200-ден астам адам ұсталды», – дейді құзырлы орыннан.

Азаматтардың жекелеген топтары жолдарды жауып, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын және елдімекендердің тіршілігін қамтамасыз ету жүйесін бұзып, көлік қозғалысына тосқауыл қойған.

Алматы, Шымкент және Тараз қалаларында әкімдіктердің әйнектері, есіктер сындырылып, басқа да материалдық залал келтірілген. Алаңға шыққандардың арасында тас пен таяқ газ, бұрыш баллондарын және жанғыш қоспасы бар бөтелкелерді пайдалану жағдайлары болған.