×
488.59
564.37
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.59
564.37
6.79

Қой етінің келісі 5500 теңгеге жетті: министрлік не дейді

Бүгін, 18:28
Қой етінің келісі 5500 теңгеге жетті: министрлік не дейді
Фото: 7kun.kz

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Құрбан айт мерекесіне байланысты қой етінің бағасы айтарлықтай қымбаттағанын, бірақ мұндай жоғары бағаның қалыптасуына бұдан бөлек бірнеше себеп бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Азат Сұлтанов маусым айының соңында болған бағаның айтарлықтай өсуінен кейін Қазақстанның өңірлерінде қой еті арзандай бастағанын айтады. Оның сөзінше, Жетісу облысында қазір қой етінің 1 келісі шамамен 3800 теңге тұрады, ал ел бойынша орташа баға 4200 теңгені құрайды.

Ulysmedia тілшісі вице-министрге Астанада қой еті 1 келісі 5500 теңге тұратынын еске салды. Сұлтановтың айтуынша, қазір ол баға 5100 теңгеге дейін төмендеген. Ол бұл бағаны «әділ» деп санайды.

— Бұл фермерлер үшін өз шаруашылықтарын дамытуға, мал басын көбейтуге өте жақсы мүмкіндік. Бұл мал шаруашылығын дамытуға пайдалы болады, — деді ол.

Дегенмен, қалай десек те, қой — сиыр емес, оны өсіру жеңілірек және арзан, сондықтан қой етінің бағасының мұндай жылдам өсуін халық толық түсіне бермейді.

— Құрбан айт жазғы кезеңге сәйкес келді. Бір жағынан мереке, екінші жағынан адамдар демалысқа шығып, кәуап жасауға ет алады, — деді ол.

Бағаның өсуіне экспорт та өз үлесін қосты.

— Қой етіне сыртқы нарықта, көрші елдерде және Шығыс мемлекеттерінде үлкен сұраныс бар. Біз Парсы шығанағы елдеріне, тіпті Африкаға да экспорттау жолдарын қарастырып жатырмыз. Сондықтан сыртқы бағаның ішкі нарыққа әсері бар, — деді ол.

Сонымен бірге, вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда қой етінің тапшылығы болмайды, сондықтан экспортты (сиыр еті сияқты) шектеу жоспарланбайды. Оның пікірінше, баға уақыт өте келе өздігінен тұрақтанады.

Контекст

Еске сала кетейік, Қазақстанда ет бағасы қымбаттап келеді. Сиыр еті мен қой еті бір жыл ішінде шамамен үштен бірге қымбаттаған. Бұл мәселе тіпті Мәжіліс деңгейінде талқыланып жатыр.

Серіктес жаңалықтары