×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Еліміздің барлық өңірінде жағдай тұрақталды

10.01.2022, 07:37
Фото: Ақорда

Еліміздің барлық өңірінде жағдай тұрақталды. Бұл туралы Мемлекет басшысы өткізген жедел штаб отырысында айтылды деп хабарлайды Ulysmedia.kz тілшісі. 

Ол жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктердің зардаптарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құруды тапсырды. 

"Алматыда және басқа облыстарда әкімшілік ғимараттарды, әлеуметтік-коммуналдық нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын тез арада бастау қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Күштік құрылымдар елді лаңкестерден тазалауды жалғастырып, оларды ұстауға байланысты жұмыстарды жүргізуде. ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің  күзетуіне бірқатар стратегиялық нысан берілді. Қазір 125 қылмыстық іс қозғалған. Полиция органдарына 5,8 мың адам жеткізілген. Олардың арасында көптеген шетелдік азамат бар.

Серіктес жаңалықтары