×
$
444.3
€
490.91
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.3
€
490.91
₽
5.41

ҰҚК жаңа төрағасына қатаң міндет жүктелді

Бүгін, 12:24
ҰҚК жаңа төрағасына қатаң міндет жүктелді
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы Марат Ирменовті таныстырып, ведомство жұмысының негізгі бағыттарын айқындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Президент ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесін реформалау, комитет жұмысының тиімділігін арттыру және алдына қойылған міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыруға, экономикалық саладағы ұлттық мүддені қорғауға, сыбайлас жемқорлық пен өзге де заң бұзушылықтарға қарсы күреске басымдық беруді тапсырды.

Сонымен қатар кадрларды іріктеу тәртібін жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа төнетін қауіптердің алдын алу және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру кезіндегі жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту міндетін жүктеді.

Бұған дейін

Еске салайық, бұған дейін Ермек Сағымбаев ҰҚК төрағасы қызметінен босатылғанын хабарлаған едік. 

Оның орнына Қаңтар оқиғасынан кейін Алматыдағы департаментті басқарған генерал ҰҚК төрағасы болып тағайындалды.

Сізге қызық болуы мүмкін