×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Саяси партиялардың бәрі Смайыловтың кандидатурасын қолдады

11.01.2022, 21:15
Фото: Ашық дереккөзден

Осылайша, Әлихан Смаиылов Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен мәжіліс отырысында Нұр Отан, Ақ жол, Қазақстан халық партиясы мен ҚХА атынан сайланған депутаттардың бәрі бір ауыздан Әлихан Смаиыловтың кандидатурасын келісім берді.

Қаулы жобасы дауысқа қойылып, Әлихан Смаиылов үкіметтің жаңа басшысы атанды.

«Маған үлкен сенім артқандарыңыз үшін алғысымды айтам. Бұл мен үшін зор жауапкершілік. Азаматтардың заңды талаптары ескеріліп, іске асырылатын болады», - деген Әлихан Смаиылов сенім артқан мемлекет басшысына алғысын айтты.

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - ды "қолданбалы математика" мамандығы бойынша, 1996 жылы ҚМЭБИ-ді бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі берілді. Айта кетейік, Әлихан Смайылов әр жылдары Мемлекет басшысының көмекшісі болған. Бұған дейін ол 2009 жылдан 2014 жылға дейін бес жыл бойы ҚР Статистика агенттігінің төрағасы болған. Еңбек жолында ол екі рет Қазақстан Қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2019 жылы үкімет отставкаға кеткенге дейін ол қаржы министрі қызметін атқарды. 2019 жылғы ақпанда Мәжіліс Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі лауазымында Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады. Әлихан Асханұлының "1-дәрежелі Кеңесші" дипломатиялық дәрежесі бар. Шенеунік —"Парасат" орденінің кавалері.

Серіктес жаңалықтары