×
433.83
482.81
5.57
#қаңтар қақтығысы #мұнай #әкімге үш сұрақ #лот ашар #ауыс-түйіс #кибербуллинг #коронавирус #hi-tech
433.83
482.81
5.57

Ондай қордың мүлде болмағаны жөн - Тоқаев «Самұрық-Қазына» туралы

11.01.2022, 11:47
Фото: ашық дереккөзден

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалауды тапсырды деп хаьарлайды, ulysmedia.kz.

«Самұрық-Қазына қорының активі жалпы ішкі өнімінің 60 пайызына жуықтайды. Осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикаға әсер етеді. Қордың Кегок, ҰТЖ секілді инфрақұрылымдық компаниялары экономиканың барлық секторының тиімділігін айқындайды. Алайда қор негізгі міндетін орындап отыр ма? Яғни ұлттық байлықты еселей алды ма деген сұрақ туындайды. Қордың қомақты қаржы алатын қызметкерлері, директорлары немен айналысады? Шетелдік мамандарды тартқаннан пайда барма? Қорға үкіметпен бірге квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалауды тапсырамын. Егер қорда реформалау мүмкін болмаса, ондай қордың экономикамызда мүлде болмағаны жөн», - деді ол.