Экс-депутат Нұртай Сабильянов Президент тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқы» қорына 5 млн теңге аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында хабарлады.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстарын, мәлімдемесін тыңдадық. Толық қолдаймыз. Құрылатын «Қазақстан халқына көмек» қорына кәсіпкер ретінде 5 млн теңге аударамын», деп жазды Нұртай Сабильянов.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды тапсырды. Президенттің айтуынша, халықтық қор үкімет қарамағында жұмыс істемейді және ашық жұмыс істеуге сүйенеді. Қор мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру, балалар спорты және басқа да қоғамның қажеттіліктеріне жауап беру.