×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

2 ай ішінде халық табысын арттыратын бағдарлама дайындалуы тиіс

11.01.2022, 11:44
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы үкіметке 2 айдың ішінде халық табысын арттыру бағдарламасын дайындау міндеті жүктеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жұмысқа орналастыруды қажет ететін азаматтардың нақты санын анықтау керек. Үкіметке «Атамекен» палатасымен бірге екі айдың ішінде халықтың табысын арттыру жөніндегі бағдарлама әзірлеуді тасырамын. Үкіметке Әлеуметтік кодекстің уақытында қабылдануын қамтамасыз ету қажет», - деді президент Парламент мәжілісінің отырысында.

Оның айтуынша, мемлекеттің әлеуметтік саясаты осы құжаттың аясында пандемия тәуекелдері мен қордаланған проблемаларды ескере отырып бейімделуі керек.

«Әлеуметтік кодекс жаңа қоғамдық келісімнің негізгі элементіне айналуға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары