×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 2 айға қамауға алынды

11.01.2022, 13:45
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 2 айға қамауға алынды
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Тергеу соты хабарлады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2022 жылы 6 қаңтарда ҚР ҰҚК Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі бойынша «Мемлекетке опасыздық жасау» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын. Сол күні ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.