×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды

13.01.2022, 13:00
Мағзұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Фото: ашық дереккөзден

Жақында ғана Энергетика министрі қызметінен кеткен Мазұм Мырзағалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорданың ресми сайтында.

Бірер күн бұрын Мырзағалиев туитерде отставкаға кететіні туралы жазды. 

Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда Қазақстанда мотор жанармайының екі есе қымбаттауына байланысты наразылық шерулері басталды. Олар полициямен қақтығыстармен, әкімшілік ғимараттарды басып алумен, дүкендер мен банкоматтарды тонаумен, байланыстарды ажыратумен қатар жүрді. Наразылықтар кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жариялады, үкіметті отставкаға жіберді, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қауіпсіздік кеңесінің басшысы етіп ауыстырды, сонымен қатар Қазақстанға бітімгершілік күштерін жіберген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрады. Ал Энергетика министрі болып Болат Оралұлы Ақшолақов тағайындалды.