×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Мағзұм Мырзағалиев отставкаға кететіні туралы жазды

11.01.2022, 22:12
Фото: ашық дереккөз

Мағзұм Мырзағалиев жаңа энергетика министрі Болат Ақшолақовқа сәттілік тіледі, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Бүгін Энергетика министрі ретінде қызметімді тәмамдаймын. Маған осы лауазымды сеніп тапсырған Мемлекет басшысына зор алғысымды айтамын. Сонымен қатар, аз да болса да бірге белсенді жұмыс жасаған әріптестеріме, мұнай-газ, энергетика саласының ардаргерлеріне және сарапшыларына жылы лебізімді білдіремін.  Болат Ақшолақов осы салада ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан білікті де білімді маман. Сәттілік пен табыс тілеймін!», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда Қазақстанда мотор жанармайының екі есе қымбаттауына байланысты наразылық шерулері басталды. Олар полициямен қақтығыстармен, әкімшілік ғимараттарды басып алумен, дүкендер мен банкоматтарды тонаумен, байланыстарды ажыратумен қатар жүрді. Наразылықтар кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жариялады, үкіметті отставкаға жіберді, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевты Қауіпсіздік кеңесінің басшысы етіп ауыстырды, сонымен қатар Қазақстанға бітімгершілік күштерін жіберген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрады.

Еске сала кетсек, бүгін президент жарлығымен Энергетика министрі болып Болат Оралұлы Ақшолақов тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары