Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың твиттерге кезекті жазбасы жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Қазақстан халықаралық міндеттемелеріне және адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы әмбебап қағидаттарға бейілдігін сақтайды. Біз саяси жаңғыруға негізделген бағытымызды ешқашан өзгертпейміз», - деп жазды ол.
Тоқаев сонымен бірге «хаос жағдайында даму, тұрақтылықты сақтау және реформалар жасау мүмкін еместігін» ескертті.
«Заң мен тәртіп – тұрақтылығымыздың негізі», - деп түйді президент.