×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Атамекеннің баламасы ма? Үкімет жанына отандық кәсіпкерлер кеңесі құрылады

21.01.2022, 13:48
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жанынан отандық кәсіпкерлер кеңесін құруды тапсырды. Ол мұндай орган бизнестің ойлары мен идеяларын тікелей жеткізеді деп санайды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Басты міндет – мемлекеттік органдар мен бизнес арасында сындарлы диалогты бастау. Бұл диалог жаңа экономикалық бағытты құруға алып келуі керек. Диалогтың нәтижесі үкімет пен бизнес арасындағы консенсус болмақ, біз «еститін мемлекет» құрып жатырмыз. Бұл қатты сөз емес, шын мәнінде мекмлекет өз азаматтарының пікірін мұқият тыңдау керек. Ал біздің кездесуіміз бизнестің тыңдалатынының, оның барлық сындарлы ұсыныстарының салалық және құрылымдық саясатта ескерілетіндігінің белгісі», - деді ол жұма күні бизнес өкілдерімен кездесуде.

Сондай-ақ, ол бизнес өкілдерімен тұрақты түрде кездесулер өткізуге дайын екенін айтып, мемлекетке сынның әрқашан болғанын және болатынын, бірақ сөзден іске көшіп, «бұдан әрі не істеу керектігін және реформаларды бірге жүзеге асыруды» бірге анықтау керектігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары