×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Кәсіпкерлерге құлаққағыс: 5 салық бір төлемге бірікті

23.09.2021, 17:19
Кәсіпкерлерге құлаққағыс: 5 салық бір төлемге бірікті
Фото: Ашық дереккөзден

Микро және шағын бизнеске жүктемені азайту мақсатында еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізілгелі жатыр. Бірыңғай төлемді енгізу тәртібін қазіргі таңда жұмыс тобы зерттеп, айқындауда, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда еңбекақы төлеу қорынан 5 төлем аударылады. Олар – жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарнасы, әлеуметтік сақтандыру бойынша жарна, медициналық сақтандыру бойынша жарна. Өз кезегінде бұл төлемдердің бәрі де кәсіпкерлерге едәуір салмақ салады. Осы төлемдер бойынша номиналды жүктеме 34 пайызды құрайды. Міне сол себепті бірыңғай төлемді енгізу арқылы аталған жүктеме 25 пайызға дейін азаюуы керек. Бүгінгі таңда жұмыс тобы құрылды. Осы жылдың соңына дейін ол топ бірыңғай төлем қалай аударылатынын айқындауы керек», – деді Әсет Ерғалиев үкіметтің баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, микро және шағын бизнеске баса назар аударылады.

«Бүгінгі таңба банктермен, Ұлттық банкпен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірыңғай төлем 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетіндей тиісті жұмыстар атқарылып жатыр», - деді ол.