Ерлан Қиясов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ерлан Аңсағанұлы Қиясов берген өтінішіне сәйкес ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды.
Қиясов 2020 жылдың қыркүйегінде Үкімет қаулысымен денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Қазақстан бас санитарлық дәрігері болып тағайындалған болатын.