×
540.05
629.16
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
540.05
629.16
6.65

Тоқаев жолдауда не айтпақ

Бүгін, 16:31
Тоқаев жолдауда не айтпақ
Фото: Aibek Skakov/pexels

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте өтетін парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

Жолдау сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

БҰҒАН ДЕЙІН

Президент бұған дейін 2019 жылы 2 қыркүйекте, 2020, 2021, 2022, 2023 жылдары 1 қыркүйекте және былтыр 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасаған.

Серіктес жаңалықтары