×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Тоқаев: Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді

28.01.2022, 15:22
Фото: Ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс екнеін мәлім етті. Ол осы міндетті атқаруды ұсынып, қолдау көрсеткені үшін партияластарына алғысын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Өздеріңізге мәлім, қаңтар айының басында халқымыз қайғылы оқиғаларды бастан өткерді. Өкінішке қарай, бейбіт митингілерді  радикалды күштер өз мақсатына пайдаланып кетті. Лаңкестер  мемлекетімізге шабуыл жасап, ел тыныштығын бұзды. Олар билікті басып алуға тырысты. Біз шұғыл шаралар қабылдап, лаңкестерге, қарақшыларға тойтарыс бердік. Заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қалпына келтірдік.   Мемлекетіміздің тұтастығын сақтап қалдық», - деді ол партияның съезінде.

Оның айтуынша қазір ел ішінде түрлі жағымсыз әңгімелер тарап жатыр.

«Осыған байланысты Мемлекет басшысы ретінде тағы да қайталап айтамын. Тұңғыш Президентіміз елімізді іргесі берік мемлекетке айналдыру үшін зор еңбек сіңірді. Әлемдік қауымдастықта оны жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы деп атайды. Сондай-ақ Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан барлық экономикалық көрсеткіштер бойынша Орталық Азия аймағында алдыңғы қатарға шыққанын естен шығармаған жөн», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары