×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ерлан Каринға қандай жұмыс жүктелетіні белгілі болды

31.01.2022, 13:24
Ерлан Каринға қандай жұмыс жүктелетіні белгілі болды
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік хатшының өкілеттіктеріне бірқатар өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жарияланды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Түзетулерге сәйкес, Мемлекеттік хатшы саяси партиялармен қарым-қатынаста Президенттің мүддесін қорғайтын болады;

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді;

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жұмысын үйлестіреді.

Жарлықтың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Айта кету керек, ҚР ҰПА ақпараттық жүйесіне сәйкес, 2007 жылы Мемлекеттік хатшының өкілеттіктері туралы жарлық шыққаннан бері оған 6-шы рет өзгертулер енгізілді.

Еске сала кетейік, Ерлан Қарин 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалған болатын.