×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Нұрлан Нығматулинның өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

01.02.2022, 09:00
Нұрлан Нығматулинның өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулы шықты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан Республикасының  Парламент  Мәжілісінің Төрағасы  Нұрлан Нығматулинді қызметінен өз еркімен босату туралы мәселені қарады.

Осыған байланысты Мәжіліс Төрағасы  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аса маңызды міндеттер жүктегенін алға тарта келіп,  ол мақсаттарға жету үшін кадр саласын жаңарту керек екеніне тоқталды.

Отырыс барысында ҚР Конституциясының 58-бабының 2-тармағына сәйкес, Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасының  Парламент  Мәжілісі Төрағасының қызметінен өз еркімен босату туралы қаулының жобасын дауысқа қойып, ол бірауыздан қабылданды.

- Биыл Мәжіліс Спикері болғаныма 10 жыл толып отыр. Үш шақырылым төраға болдым. Бұл, әрине, аз уақыт емес. Осы уақыттың ішінде, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне белсене араласып, елімізге, халқымызға қажетті, сапалы заңдар қабылдау жолында бірлесіп, аянбай еңбек еттік. Бұл жолда, ең алдымен, Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, қазіргі Мемлекет Басшысы,  партиямыздың Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа маған осы жылдарда бірнеше лауазымды қызметті сеніммен тапсырып, әрқашанда қолдау көрсеткені үшін, шын жүректен алғысымды білдіремін, - деді ол.

Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин 1962 Қарағанды қаласында дүниеге келген. Саяси ғылымдар докторы.

Үйленген. Үш баласы және Акбар, Абылай, Таир және Айсара, Адель немерелері бар.

Нұрлан Нығматулин егіздің сыңары. Сыңары Ерлан Нығматулин ҚР Парламенті Сенатының экс-депутаты. Бүгінде ірі бизнесмен.

Нығматулин Парламентте ұзақ жылдар қызмет етті.

2012 жылы 20-қаңтарда бірауыздан ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы

2016 жылы 22-маусымды бірауыздан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып сайланды.

2019 жылғы 22 тамызнан бүгінге дейін - «Nur Otan» Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі болды.