×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Депутаттар Назарбаеваның Мәжілістен кету-кетпеуі жайында пікір білдірді

01.02.2022, 16:05
Коллаж: ulysmedia.kz

Ulysmedia.kz тілшісі Мәжіліс депутаттарына Дариға Назарбаева Парламенттен кетуі керек пе деген сұрақ қойды, сондай-ақ олар үшін қаңтардағы қайғылы жағдай нені білдіретінін білді.

- Менің ойымша ол өзі осындай шешім қабылдайды. Екінші нұсқа бар, ол үшін партия шешім қабылдай алады (Nur Otan – авт.),- деп жауап берді депутат Айдос Сарым.

Қаңтар айындағы оқиғалар парламент мүшесі үшін ең алдымен үлкен трагедия.

     - Бірақ, сонымен бірге, бұл барлығын "бұрын" және "кейін" деп бөлетін маңызды оқиға, бүкіл дәуірді аяқтап, жаңасын бастайтын кез келді. Бұл дәуір қандай болады? Барлығы өзімізге байланысты, - деп атап өтті Сарым.

Қазақстанның Халық партиясынан депутат Ғазиз Құлахметов саяси мәдениетті сақтау және бәсекелес партияның қызметіне баға бермеу дұрыс деп санайды.

    - Дариға Назарбаева қоғамда болып жатқан өзгерістер мен жұртшылықтың талаптары туралы сөзсіз хабардар. Депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы шешімді ол өзі қабылдайды, - дейді Құлахметов.

Ол жыл басында болған оқиғаны ел тарихындағы қанды оқиғалар мен аза тұту парағы деп атайды.

     - Негізгі мақсат - мұндай жағдайдың қайталанбауын қамтамасыз ету. Қалың бұқараның бүгінгі талабы - бұл халықтың тұрмысын жақсарту, ауылды қайта жаңғырту, қоғамның ашықтығын қамтамасыз ету, парақорлықты тоқтату, әділ саяси бәсекелестікті қалыптастыру және т.б. Олай болмаған жағдайда, ешкім жағдайдың құлдырамайтынына, ал әлеуметтік қақтығыс ушықпайтынына кепілдік бере алмайды, - деп ескертті Құлахметов.

Ирина Смирнова да өз пікірін жасырмады.

    - Дариға Назарбаева шешімді өзі қабылдайды деп ойлаймын. Сонымен қатар, Парламент пен депутаттардың жұмыс регламенті бар, онда депутаттар жұмыс істейтін тәртіп жазылған. Уақыт көрсетеді.

Айта кетейік, Дариға Назарбаева қаңтар оқиғасынан бері Мәжілісте төбе көрсетпеді. Көмекшісі журналистерге оның коронавируспен ауырып жатқанын хабарлады. Бүгін, індеттен кейін денсаулығын қалпына келтіру үстінде екенін айтты.  

Авторы: Махамбет Абжан

Серіктес жаңалықтары