×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Депуттар мен әкімдердің жалақысын өсіруге мораторий жарияланды

01.02.2022, 17:46
Фото: ашық дереккөзден

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде Қаулылар қабылдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

2022 жылғы 1 ақпанда Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қаулыға өзгерістер енгізілді.

Құжат жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтерді іріктеу критерийлерін бекітуді көздейді. Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның жекешелендіру туралы шешімдері мемлекеттік мүлік тізілімінің және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің веб-порталдарында жариялауға жатады.

- Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында «Парламент депутаттарына, Үкімет мүшелеріне және  әкімдерге еңбекақыны көтеруге мораторий енгізу туралы» Қаулы қабылданды ,- делінген ресми ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары