×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Биыл салықтың қандай түрлері жергілікті бюджеттерге беріледі

07.02.2022, 09:50
Фото: ашық дереккөзден

Қазір республикалық бюджетке аударылып жатқан салықтың бірнеше түрін 2023 жылдан бастап жергілікті бюджеттерге аудару жоспарланып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі хабарлады, деп жазады LS

Аталған мәселені ведомство Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджетаралық қатынастарды реформалау және өңірлердің дербестігін нығайту туралы тапсырмасынан кейін қолға алған. 

"Жергілікті бюджеттердің кірістерін ұлғайту мақсатында 2023 жылдан бастап салық түсімдерінің мынадай түрлерін беру ұсынылады: жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы, Қазақстан аумағында автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым, республикалық бюджетке аударылатын мемлекеттік баждар", – деп түсіндірді  министрлік өкілдері.

Ведомстводағылар бұл тізім әлі де толыға түсуі мүмкін екенін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарды қолдау деңгейі көбіне тұрғындардың нақты қажеттіліктеріне емес, нақты әкімнің "салмағына" байланысты екенін атап өткен. Президенттің сөзінше, бұл өз кезегінде өңірлер дамуындағы теңгерімсіздік пен тұрғындардың наразылығына әкеліп соғады. 

 

Серіктес жаңалықтары