Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына 100 млрд теңгеден астам қаржы бағытталады, деп хабарлады ulysmedia.kz.
Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов айтты. Сондай-ақ, ол Қазақстанда авто және ауыл шаруашылығы техникаларына утилалымды айтарлықтай төмендетуге ниетті екендерін жеткізді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды LS.
Бұдан бөлек, жеңілдетілген автонесиелеуге 100 млрд теңгеден астам қаржы бағытталады. Бағдарлама бойынша қазақстандықтар эконом класты отандық құрастырылған автокөліктерді сатып ала алады.
Бұған дейін экология министрі Серікқали Брекешев жақын арада утилалымының жаңа ставкаларын бекітуге уәде берген болатын. Ол сондай-ақ кейбір позицияларға көтерілу мүмкін екенін атап өтті. Сонымен қатар, кабельдік-өткізгіш өнімдер бойынша шешім қабылданды: утилалым мөлшерлемесі нөлге тең болады.