×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Алматы: Байбек пен Сағынтаев қандай өтініштерді елеусіз қалдырды

09.02.2022, 12:05
Фото: ашық дереккөзден

2020-2021 жылдары Алматыны Бақытжан Сағынтаев басқарған тұста қала әкімдігіне eGov "Ашық диалог" порталы арқылы 4,4 мың өтініш жолданған. Әкімдік оның 42%-ына ғана жауап берген, қалған 58%-ы, яғни  2,5 мың өтініш қараусыз қалды, деп хабарлайды Ranking.kz.

Айта кетерлігі, аталған кезеңде Қазақстанның өзге өңірлерінде шешімін тапқан өтініштердің үлесі 97%-дан асты.

Ал Бауыржан Байбек әкім болған уақытта жауап берілген өтініштердің саны 85,5%-ға жеткен.

Әкімдік тарапынан кері байланыстың әлсіздігінен бөлек зерттеушілер берілген жауаптар сапасының төмендігін де айрықша атап өтеді. 2020 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде азаматтардың 44,4%-ы әкімдіктің жауабын қанағаттанарлық деп таппаған.

Жауапсыз қалған өтініштердің дені әлеуметтік-қоғамдық сипатта болды. Шағын және орта бизнес мәселелері бойынша жолданған өтініштердің 47%-ы, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша – 62,7%-ы, мемлекеттік органдардың жұмысы бойынша – 63,1%-ы жауапсыз қалды. 

Серіктес жаңалықтары