×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Наразалыққа жауап: Жаңаөзенде 100 адам жұмысқа қабылданады

10.02.2022, 09:41
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Абзал Меңдібаевтың төрағалығымен Жаңаөзен қаласында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі облыстық комиссия жұмысын бастады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ өкілдері кірді.

Арнайы құрылған облыстық комиссия бастамашыл топ өкілдерімен кездесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. Екі тарап та өзекті мәселелерді жан-жақты қарастырып, келіп түскен ұсыныстарды зерттеді.

Нәтижесінде облыстық комиссия жұмыссыз азаматтарды 3 бағыт бойынша жұмысқа орналастыру туралы шешім қабылдады.

Атап айтқанда:

- Қазір қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да 100, сервистік қызмет көрсететін серіктестіктерде 61 жаңа жұмыс орны құрылып, халықтың осал топтарына жататын азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр.

- Бұл бағытта арнайы комиссияның шешіміне сәйкес, 2022 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша қолданыстағы алгоритм негізінде 5 санат бойынша кезекте тұрған 100 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Жыл соңына дейін 400-ден астам адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Осы алгоритм бойынша тиісті шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

- Жаңадан құрылатын 61 жұмыс орнына үміткерлер жұмыссыз азаматтар қатарынан іріктеліп, «Өзенмұнайгаз» АҚ сервистік қызмет көрсету мекемелеріне («КЕЗБИ», «ӨзенПромГеофизика», «БатысГеофизСервис», «АльянсОйлСервис», «КазПромТехКомпани», «Семсер-Өрт сөндіруші», «KUNAN-HOLDING» ЖШС) жұмысқа қабылданады.

«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту орталығында 5 санат бойынша және орта мерзімді кезең бойынша кезекте тұрған азаматтарды еңбекпен қамту жұмыстары жыл бойы жалғасады. Жаңаөзен қаласындағы шағын және орта бизнес өкілдерін жұмысқа тарту арқылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-на ұзақ мерзімді талап етілетін жоспар бойынша түрлі қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру көзделуде. Осы мақсатта «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен шағын және орта бизнес өкілдері арасында ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

8 ақпанда Жаңаөзенде жұмыссыз тұрғындар жеті күнге созылған наразылыққа қайта шықты. Олар мұнай-газ саласында жұмысқа орналасуды талап етеді. Таңертең оларға әкімдік пен жергілікті мұнай компанияларының өкілдері келді. Наразылық білдірушілер оларға қандай да бір комиссиямен келісім жасасуға ниетті емес екендіктерін және отбасыларындағы қиын жағдайына байланысты «Өзенмұнайгаз»-да тікелей жұмысқа орналасуды талап ететіндерін айтты.

Серіктес жаңалықтары