Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Қазыханды АҚШ-пен келіссөздер жүргізу бойынша өзінің өкілі етіп тағайындады. Бұл туралы Ақордада хабарланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Президенттің тиісті өкімімен Ержан Хозеұлы Қазыханға Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде мемлекет басшысының өкілі болу міндеті жүктелді.
КОНТЕКСТ
Еске салсақ, 2025 жылдың қыркүйегінде Ержан Қазыхан Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалған еді.
Оған дейін ол Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған. Бұл қызметтен ол БҰҰ жанындағы тұрақты өкіл лауазымына тағайындалуына байланысты кеткен.