×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Жаңарған Сенат: Алты комитеттің төрағалары сайланды

26.01.2023, 12:10
фото: ашық дереккөзден

Сенат төрағасының орынбасары қызметіне депутат Жақып Асанов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сондай-ақ Парламенттің жоғарғы палатасы комитеттерінің төрағалары сайланды:

  • Нұртөре Жүсіп – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы;
  • Сүйіндік Алдашев – Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы;
  • Сұлтанбек Мәкежанов – Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы;
  • Әли Бектаев – Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы;
  • Асқар Шакиров – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Андрей Лукин – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сенат төрағалығына Мәулен Әшімбаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдаған.

Серіктес жаңалықтары