×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Кіші Талдыкөлді көму жалғасуда. Белсенділер видео жариялады

26.09.2021, 11:46
әлеуметтік желіден скриншот

Белсенділер елорда әкімдігінің уәдесіне қарамастан фламинголар жүзіп жүрген көлге КамАЗ-дың топырақ төгіп жатқаны туралы видео жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Мына көрініске қарау мүмкін емес. Видео бүгін (25 қыркүйек – ред.) түсірілді. Бұл аумақтың бәрі қоқысқа толы, жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп жазылған инстаграмдағы sos.taldykol парақшасында.

Кіші Талдыкөлді қорғаушылар суды сору жұмыстары жалғасып жатқанын жазды.

«Қаланың ерекшелігі мен бірегейлігін көрсететін орын осылай әрекетсіз бола берсек ертең ғимараттардың астында қалуы мүмкін. Қоқыс төгуге шақ қалған көлдер мен оны мекен ететін құстар біздің көмегімізді қажет етеді», - деп жазылған аталған парақшада.  

Еске сала кетсек, ulysmedia.kz тілшісі бұған дейін кіші Талдыкөл трагедиясы туралы мақала жазған болатын.

Серіктес жаңалықтары