×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Гүлмира Кәрімованың қазасы: жаңа сенатор қашан сайланатыны айтылды

27.01.2023, 13:29
фото: ашық дереккөзден

Мезгілсіз өмірден өткен сенатор Гүлмира Кәрімованың орнына депутат қашан сайланады? Бұл сауалға Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Гүлмира Кәрімованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айта келе Петров оның орнына жаңадан сенатор сайлау рәсімі қалай өтетіндігін түсіндірді.

«Қаза болуына байланысты Сенат депутатының өкілеттігі тоқтағаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы 2 айдың ішінде шығып қалған депутаттың орнына өңірде сайлау өткізуі тиіс. Мәслихаттың таратылып, таңдаушылардың болмауына байланысты сайлаудың өзін тағайындау мәслихаттардың жаңа құрамы сайланғаннан кейін ғана мүмкін болады. Яғни, 19 наурыздан кейін ғана. Бұл 2 айдың ішінде сайлаудың тағайындалуы қажеттігі туралы заң нормасына қайшы келмейді», - деді ОСК төрағасы.

Айта кетейік, жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары