Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Ақордада қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
БҰҒАН ДЕЙІН
Бұған дейін Ақордадағы бұл қызметті бірнеше жылдан бері СІМ ресми өкілі болған Айбек Смадияров атқарған. Смадияров 29 қаңтарда президенттің президентінің кеңесшісі – президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалғаннан кейін, президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметі бос қалған.
БЕЙСЕНБАЕВ
Елнұр Бейсенбаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (2023 бастап). Еңбек жолын "Жастар Үні" қоғамдық бірлестігі жастар қанаты ұйымдастыру бөлімінің кеңесшісі, басшысы, бірлестік төрағасы болып бастаған.