×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Мәжіліс сайлауы: Бейбіт Әлібеков депутаттықтан үмітті ме?

06.02.2023, 15:47
әлеуметтік желіден

Блогер Бейбіт Әлібеков Мәжіліс сайлауына бармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Блогерден тілшіміз "Мәжіліске блогердің барғаны дұрыс па?" деп сұраған. Қазақша сұраққа Әлібеков орысша жауап берді. Ол бұл сұраққа съез басталмас бұрын жауап берген еді.

"Мәжіліске бармаймын. Партияның тең төрағасы болып қала беремін. Ол жаққа (Мәжіліске) кәсіби мамандар баруы керек деп есептеймін",  – дейді Әлібеков.

Айта кетейік, Бейбіт Әлібеков – жуырда тіркелген «Respublica» партиясының тең төрағасы. 

Ең қызығы, съез аяқталғаннан кейін Бейбіт Әлібековың есімі Respublica партиясы атынан Мәжіліс сайлауына түсетін үміткерлермен қатар тұрды. 

Ulysmedia.kz тілшісі мұның мәнісін Әлібековтың өзінен сұрамақ болған. Алайда ол съезден кейін асығыс шығып кетті.

Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы 19 наурызда өтеді.

Серіктес жаңалықтары