×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстан Сирияға да көмек жібереді

09.02.2023, 12:02
фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сирияға гуманитарлық көмек беруді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Қ.Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркияның жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарында қазақстандық құтқарушылардың жүргізіп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстары туралы баяндаған болатын.

Министрдің сөзінше, Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қиын жағдайларға қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыса отырып, жоғары кәсібилік танытып, өз міндеттерін нәтижелі атқарып жатыр. Әзірге аман қалған 4 адам құтқарылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құтқарушылар мен кинологтар тобы хабарсыз кеткен Қазақстан азаматтарын іздеу үшін бүгін таңертең Хатай қаласына келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық құтқарушылардың жұмысына оң баға беріп, оларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы Үкіметке Ислам ынтымақтастық ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды.

Айта кетейік, бұдан бұрын президент тапсырмасы бойынша Түркияға көмек ретінде 1 млн доллар бөлінген.

Серіктес жаңалықтары